Жігіттің күлкісі қымбат болуы керек
Жігіттің күлкісі қымбат болуы керек

Жігіттің күлкісі қымбат болуы керек,

Қыздың күлкісі жұмбақ болуы керек.

 

Көп күлу жүректі қарайтады,

Қарайған жүрек ықыласты азайтады.

 

Жігіттің ой өрісі кең болуы керек,

Пайдасыз ойлар кем болуы керек.

Жомарт болуды жөн көруі керек,

Пенденің бәрін тең көруі керек.

Бірнеше тілді меңгеруі керек,

Ғылымды да өңгеруі керек.

Білім іздеп сенделуі керек,

Сонда білім өз жемісін береді.

 

Қыз баланың күлкісі жасырын болуы керек,

Жүрісі ақырын (дыбыссыз) болуы керек.

Ар-ұятының биіктігі пәленбай мың шақырым болуы керек.

 

Қыз болады жабық киімімен көрікті,

Жігіт болар жан жақты білімімен көрікті.

 

Ақылды басшы алдымен халқын ойлайды,

Ақымақ басшы алдымен даңқын ойлайды.

 

Бір үйдің пердесі қисық болса сол үйдің бойжеткен қызына сын,

Бір үйдің шарбағы қисық тұрса сол үйдің ержеткен ұлына сын.

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
10 лет назад 5447
2 комментария
  • ұмытылып бара жатқан ауыз әдебиетінің элементтерін молынан пайдаланы отырып, ой өрнектеген екен
    10 лет назад
  • Тәрбиеге толы шумақтар! Ұрпағымыз ойлы,саналы,еңбекқор болса болашағымыз жарқын.
    10 лет назад
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232