ЖАЛҒАН СОПЫЛАР ДА "ҚАҒБАМЫЗДЫ ӨЗГЕРТЕМІЗ" ДЕУІ ӘБДЕН МҮМКІН
ЖАЛҒАН СОПЫЛАР ДА "ҚАҒБАМЫЗДЫ ӨЗГЕРТЕМІЗ" ДЕУІ ӘБДЕН МҮМКІН

Күні кеше ғана Иранның рухани көшбасшы А.Хаменейдің пәтуасына сүйенген ирандықтар Қағбасын  Кербалаға өзгертті.  

Иран Ислам мемлекеті мен Сауд Арабиясының арасындағы өткен жылғы қажылық маусымындағы келеңсіз оқиғадан кейінгі келіспеушіліктің салдарынан Иранның рухани көшбасшы А.Хаменей осындай пәтуа беріпті.

Осышайша Иран мен Сауд Арабиясының арасындағы дау-жанжалдың  ақыры ирандықтардың құбыласын өзгертуімен тынды. Қазір мыңдаған ирандық қажылықты Қағбасы бар Меккеде емес, Кербалада өтеп жүр.

Арабтарға арқасын берген парсылар Қағбаны Кербаланың жазығынан іздеп кетті. Осыдан кейін араб әлеміне өкпесі қара қазандай болып отырған өзге мұсылман елдері де өздеріне Қағба іздеп қаңғырып кетпей ме?

Мысалы, қазақ ішінде де бір қауым жұрт Түркістандағы Йассауи кесенесіне барғанды «кіші қажылыққа» балап жүр. Әсіресе, әртүрлі діни ағымдардың жұмысына берік толерантты ұстаным көрсетіп жүрген Қазақстанда да ертең әлгі діндегі модернистердің осындай бүлік шығармасына кім кепіл?

Осы мәселеге қатысты  белгілі дінтанушы Мұхиддин Исаұлы мен "Мұсылмандар Одағының" жетекшісі Мұрат Телібеков мырзалар біздің порталға пікір білдіріп, ойларын ортаға салған еді. 

ДІННІҢ ИІСІ МҰРНЫНА БАРМАҒАН ЖАЛҒАН СОПЫЛАР «ИРАНДЫҚТАР ҚҰБЫЛАСЫН БҰРДЫ, БІЗ ДЕ ӨЗІМІЗГЕ ҚАРАЙ БҰРАМЫЗ» ДЕУІ ӘБДЕН МҮМКІН


Мұхиддин Исаұлы, дінтанушы:

- Иранның бұл қылығы, әрине, саяси ойындарының бір түрі. Айналып келгенде сол баяғы әһлі кітаптың жоспарларының бірі. Әһлі кітап "жер бетінде мұсылман болмасын" дейді. Сол себепті олар соңғы ғасырларда уахаби мен шиит деп мұсылмандарды екіге бөліп, ақырында «Ислам мемлекетін» ойлап тапты. Сунниттік бағыттағы Османлыны жығып бітті. Ендігі теріс ағымдардың мақсаты қалғанын құлату. Шииттер уахаптарға өкпелеп, "Құбыланы Кербалаға өзгертеміз" дейді. Алла Тағала дін Ісләмді берген әуелде көп пайғамбарлар мекен еткен Ақса мешітін құбыла еткен болатын. Кейіннен Әз пайғамбарымыз Мұххаммед ғалайкімсәләм Мәдинаға қоныс тепкен соң, көп ұзамай құбыланы Құдай Тағала қасиетті Меккедегі Қағбаға қарай бұрғызып, сол жерді исі мұсылманның бірігетін орталығы етті. Атам қазақтың «құбылаға қарап дәрет сындырма», «құбылаға аяғыңды созушы болма», «лақаптағы мәйіттің жүзін құбылаға қарат» дегені осыдан қалған. Алла Тағала құбыланы Меккеге бұрғанда әһлі кітаптың өкпесі қара қазандай болып, түтігіп кетеді. Содан бері жаулығы арта берген. Енді міне, ирандықтардың құбыласын Кербалаға бұра алса, олардың табысқа қол жеткізгендіктері болып саналады. Неге дейсіз ғой? Басқаны былай қойғанда елімізде де кейбір бақсы-балгерлер, шала сауатты діннің иісі мұрнына бармаған жалған сопылар «ирандықтар құбыласын бұрды, біз де өзімізге қарай бұрамыз» деуі әбден мүмкін. Мысалы менің атамның мазаратының қасында әлде біреулер салған Қағбаның макеті бар. Оның әу баста салуының мақсаты Қағбаға жете алмайтын жалпақ қазақ еліне Қағбаны таныту болған. Яғни, біздің аталарымыз оны тауап ету үшін, не болмаса Қағба деп салған емес. Олай салса діннен шығар еді. Қазақ еліне мың жыл дін үйреткен қазақтың ғұламалары мұншалықты ақымақ емес. Бірақ соны бұл күнде барып тауап ететіндер баршылық екен. Немесе әлгінде өзің айтқандай Түркістанды «Екінші Мекке» деп жүргендер де аз емес. Негізі ұстазымыз академик Мұрат Жұрынов бірде: «Түркістанның «екінші Мекке аталуының сыры – Ахмед Яссауидің жігіттік шағында Меккеге баруы себеп болған. Сонда меккелік бір ғұлама елге шариғат айтқанда бабамыз тұрып, «сіз қателестіңіз» деп қатесін түзейді. Содан меккелік ілім іздеушілері Бабамыздың айналасына жиналып дәріс ала бастайды. Ал мұны кейбір араб ғалымдары көре алмай шеттетіп жібереді. Бабамыз Түркістанға келіп ілімін жалғастырады. Сонда меккелік әлгі ілім іздеушілер Түркістанға көп келетін болады да, түркістан "Екінші ілім" ордасы «Екінші Мекке атанады» дейді. Яғни бұл дінге емес, ілімге қатысты шыққан сөз. Ал енді соны кейбір дінбұзарлар дәл қасиетті Мекке тәрізді деп ойлайды. Һәм көптеген қазақтың хандары мен билері Бабаның айналасына жерленуінің сыры құбыланы өзгерту емес, қайта Бабамен бірге жүздерін Қағбаға қарай бұруды қалағандары еді. Ахмед Яссиуидің бар міндеті түркі жұртының бетін Қағбаға, құбыласына қарай бұру болды. Сол арманына жетіп те кетті. Яссауидің арқасында түркі елдері мықты мемлекеттер құрды. Османлы деген алып мемлекеттің де іргесін сол Бабамыздың ілімі қалап берді. Ісләм дінінен бұрын Қағбаны өзіне бұрдыру мақсатымен Әбраһа деген қолбасшы бір мінажатхана салып, арабтарды адастырмақ болады. Бірақ арабтар ол жерді ластап тастаған соң, Қағбаны құлату үшін аттанып, жеңіліс табады. Қазір сол сол соғыстар әлі жалғасуда. Қазіргі заманда мықты мұсылман елдері саналған Сирия, Ирак секілді мемлекеттерді "жойып", ақырында Қағбаға ауыз салу басталды. Бірақ көп ұзамай олар да Әбраһа секілді құрып кетері ақиқат. Иә, құбыланы өзгертпек болғандар әрқашан болған, бола береді. Онсыз да осы елден екі күннің бірінде жалған пайғамбарлар шығып жатқан жоқ па? 

http://abai.kz/

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
8 лет назад 3043
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232