Ерзат Кәрібай: Ресей империясының жұмсақ күш саясаты. ЕАЭО құрамына кіргізу. АЭС құрлысына көндіру. EGOV -ты алу - тәуелділіктен айыратын саяси жобалар
Ерзат Кәрібай: Ресей империясының жұмсақ күш саясаты. ЕАЭО құрамына кіргізу. АЭС құрлысына көндіру. EGOV -ты алу - тәуелділіктен айыратын саяси жобалар
Ресей орта азияны негізі жұмсақ күш арқылы жаулап алған. Бірінші қадамдары көршілес елдеріне өздерін аға ел ретінде мойындату. 1731-1737 жылдары Әбілқайыр, Бокенбай батыр бастаған ел аналарының ауылына Тевкелев қазына артқан керуенмен келіп оларға қазына үлестіріп шыққан. Олар Ресейге ауыз жүзінде болсада бағынышты болдық деп ант берген. Тіпті кейбір батырлар, рубасылар дүние үшін ант берген. Ал ауыз жүзінде ант берген соң ешқандай салық төленген емес. Керісінше қазақ сұлтандары, хандарына жылына еңбек ақы тағайындалды, Абылай ханға 300 рубль төленетін, Әбілқайыр, Ералы, Нұралі, Бөкенбай, Құлсары, Күлеке, Жәнібек (шақшақ ) барлығы Ресейден жалақы алған, әскери шен, атақ алды, тіпті Абылай ханға Көкшетауға арнайы құрылысшылар жіберіп сарай салып берді. Кейбір елбасыларына арнайы башқұрттар жіберіп пішен шауып қыстық мал азығын даярлау, қыстауылық салып берген. 1718-1790 жылдар аралығында қазақ даласына бір әскер жібермеген, керісінше ақша, қамқорлық арқылы елбасыларының көңілін өздеріне бұрып, бір жағынан әскери бекіністер сала бастаған, әрине бұлай кең қолтық болғасын елбасыларыда олардың бекініс салуына кедергі болмаған. Ақыр соңы 1822- жылы хандық төзімді жойды, оған қарсы келген қазақ болған жоқ.
Тағы бір саясаты қаруларды жиып қарусыздандыру. біртіндеп қарулар жиналды, 1720-1780 жылдары Орыстарды далаға келсе тонап, немесе орта азиядағы қалаларға құл етіп сатып жіберетін, башқұрт, қырғыз, қоқан , бұхар, хиуа, қарақалпақ, калмақ бәріне тізе батырып отырған жауынгер батыр халық біртіндеп жуас, момын малшыға айналды, тіпті сарттың өзі басынатын болды. Әскери көшпенді жұрт малшы жұртқа айналып кетті. Осылайша орыс қорасына мықтап кірген, өз елдігін ұмытқан халық елді азаттыққа шақырған Кенесары ханды қолдамады керісінше басым көпшілігі қарсы соғысты, Кенесары жасағы көбінде орыс әскерімен емес қайта қазақ би, сұлтан әскерлерімен соғысты.
Тағы бір саясат бір -біріне қарсы қойып , мансапқа таластырды, рулар ара қайшылықты ушықтырып жіберді.
Бұл 1720-1850 жылдар арасында болған орыс империясының жұмсақ күш саясаты. Қалай дегендеде бұған мойынсал болмай болмайды, еш соғыс, артық шығынсыз жаулап алды. Ал 1850-1991 ге дейін жүргізген саясаты ол бөлек әңгіме.
Енді 1991-2021 ге дейін қандай жұмсақ күш, саясат қолданып отыр?
1. Әскери база, Байқоңыр ғарыш айлағы, Орыс, Орыс немесе орыстілділер басым байлықты, жерді иемденіп кетті, оны бүркемелеп пәлены көрші қытай еліне аударып жұрт назарын солай бұрды.
2. Ресейдің ықпалы астында орыс тілі дәурен сүрді. Ресейдің 7000 нан аса компаниялары тек орыс тілі арқылы жұмыс істейді. Ақпараттық басымдығы тағы бар.
3. Табиғи ресурстар саудасында қазақстанның Еуропаға шығар жолын иелеп қосымша пайданы күреп тауып отыр.
4. Қазақстанның 37% импорты Ресейден, ол тағы ең қажетті товарлар.
5. Қазақ тілді қауымның басты назарын 1760- жылдардан бері ән -күй, әдебиет ке бұрды да ең тетік техникалық салаларда кенже қалдырды.
1800-1990 жылдарға дейін орыстардың қазақстанға сіңірген еңбегі, қалалар салуы... Әрине зиянды болған жоқ. Ресей 1945тен бері әлемдік гео саясат алаңында Америкамен бәсекелес бірден -бір ел саналады, ал қытай болса азаттық алғанына 110 жыл ғана болған мемлекет, тек 1980 әсіресе 2001-2016 жылдары экономикалық жақта шетел капиталы арқылы жетістіктерге жеткенімен 2017-2021 де басты өркендеген елдермен қайшылыетасу арқылы кері шегініп кетті. Ресейде 1989-2021 ге дейін әлсіреп өзі ықпал етіп отырған елдердің көбін ықпалынан шығарып алды, қазір Орта Азия , Беларус та ғана ықпалы қалды.
Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
3 года назад 1413
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232
Прямой эфир