Еркектердің «қарын байлауының» себебі неде?
Еркектердің «қарын байлауының» себебі неде?

Семіздік. Бұл кейде ауру, кейде күтімсіздік болып табылады. Сол себепті, дәрігерлер адамдарды семіздіктен арылуға немесе сақтануға шақырады. Қай кезде де семіздікпен көбіне-көп әйелдер күресіп жатады. Әйелдер сәл ғана артық салмақ қосса болды одан арылуға барын салады. Түрлі диета ұстайды, жаттығулар жасайды, әйтеуір әрекет етеді. Ал ерлердің семіздігіне келгенде, мәселе басқа. Ерлер жағы әйелдердің толықтықпен күресіне күле қараса, көп жағдайда өздері оған тырыспайды. Себебі, қарапайым жұрт арасында ер адамның толып, салмақ қосуын «әйелінің жайлылығы мен аспаздығына» байланысты деп жатады. Бірақ олай емес. Дәрігерлердің айтуынша, еркектердегі семіздік тікелей эректилді қызметіне, яғни жыныстық әлсіздікке әкеледі екен. Отызға таяғанда шаңырақ көтерген Руслан үйленгеннен кейін салмақ қоса бастаған. Артында толып, бірнеше жылдан кейін «қарын байлаған». Бірақ, ол мұнысын кемшілік деп санамайтын көрінеді. -Үйленген соң ерлердің толуы қалыпты жағдай деп ойлаймын. Үйде түрлі тәтісін дайындап, дәмді асын алдыңа тоыс күтіп отыратын әйелің болса, жағаң кірсіз, көңілің қамсыз болса, әрине толасың. Сондықтан, менің жасымдағы ер адамдардың толуы заңдылық деп ойлаймын. Өзім де келіншегімнің бабының арқасында толықпын. Бірақ, одан менің денсаулығым мен жеке өміріме келіп-кететін пайда-зиян жоқ, деп ойлаймын, - дейді Руслан. Алайда, дәрігер Ғабит Нұрханұлы ер адамдардың 25-30 жас аралығындағы ер адамдардың «қарын байлай» бастауы қалыпты жағдай емес. -Үйленгендердің «қарын байлауын» әйелінің жақсы тамақ жасауымен байланыстырады. Бұл қате пікір. Егер еркектер 25-30 жас аралығында қарын байлай бастаса, онда еркектік гармон тестостерон азайып эстерогендердің көбейіп кеткенінің белгісі, - дейді дәрігер Ғ.Нұрханұлы. Мамандардың айтуынша, тестостеронның бөлінуі тежелсе, майлы қабат жылдам дамып, қарын шыға бастайды және сексуальді белсенділік өте төмендейді екен. Ал ерте жастан үйленген Мейіржан үйленгеніне 7-8 жылдан, жасы 30-дан асса да сырбаздай жігіт қалпын сақтап қалған. Оның айтуынша, оның қалыпты жүруі үнемі дұрыс тамақтану мен спорттың арқасы екен. - Келіншегім мейірбике. Сондықтан болар, ол менің және балаларымыздың дұрыс әрі уақытылы тамақтануымызды үнемі қадағалайды. Және өзімде күнделікті спортпен айналысамын. Ерте тұрамын. Мына ақша табу қиын заманда қымбат спорттық залдарға бармай-ақ, күнделікті жүгіріп, алаңда жаттығу жасап, ұлым екеуіміз шынығуды әдетке айналдырғанбыз, - дейді Мейріжан. Дұрыс тамақтану демекші, дәрігерлер көбіне нан өнімдері мен тәттілерден барынша алыс болуға кеңес береді. Дәрігер Ғ.Нұрханұлының айтуынша, механизмі майлы тіңдердің арқасында тестостерон эстерогендерге айналады. Соның әсеріне лептин гармоны түзіліп, ол тестостеронның бөлінуін тежейді екен. Ал, керісінше еркектерде тестостерон бөлінуі көп болса дене бітімі сұлуланып арық болатын көрінеді. Тестостеронның ең көп бөлінетің кез 25-30 жас болса, қырық жастан кейін жылына 1-2% төмендей бастайды. - Егер қарын байланса, тестостерон 25-50%-ға төмендейді. Диагностикалау өте оңай. Бел өлшемі 94 см-ден көп болса, семіздіктің белгісі, ал 102 см-ден асса енді тестостеронмен горманольдық емді бастау керек, - дейді Ғ.Нұрханұлы. 

Индира Қуат
http://qamshy.kz/

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
8 лет назад 4403
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232
Прямой эфир