Енді той өткізгендер де, тойға қатысқандар да айыппұл төлейді. Онлайн оқитын студенттердің оқу ақысы арзандай ма?
Енді той өткізгендер де, тойға қатысқандар да айыппұл төлейді. Онлайн оқитын студенттердің оқу ақысы арзандай ма?

Аталған бап бойынша ең төменгі айыппұл 84 мың теңгеге жуықтайды.

Карантин талаптарын бұзғаны үшін той ұйымдастырушылар мен оған қатысуышларға да айыппұл салынады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінен хабарлады.

"Енді тойхана иелерінен бөлек тойды ұйымдастырушылар да, яғни ақша төлегендер де жазаланады",– делінген ведомство хабарламасында.
Ал хаттаманы ішкі істер министрлігі мен санитарлық қызмет өкілдері бірлесіп толтырады.

"Құқық қорғау органдарының өкілдері санитарлық қызмет мамандарын оқиға орнына шақырады. Біздің мамандар да хаттама толтырады. Яғни, тойдың қатысушылары мен ұйымдастырушыларына Әкімшілік кодекстің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласы мен гигиеналық талаптарға қатысты заңнама талаптарын бұзу" бойынша хаттама толтырылады. Ал аталған бап бойынша ең төменгі айыппұл 84 мың теңгеге жуықтайды", - деп атап көрсетілген хабарламада.

Бұған дейін премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов карантин режимін және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескерткен болатын.

Жеке тұлғаларға 30 АЕК – 83,340 теңге (1 айлық есептік көрсеткіш – 2 778 теңге), ал кәсіпкерлік субъектілері үшін – 230 АЕК (638 940 теңге) және одан жоғары сомада айыппұл салу қарастырылған.

Онлайн оқитын студенттердің оқу ақысы арзандай ма?

Білім және ғылым министрлігі берген тапсырмаға сәйкес барлық жоғары оқу орындары қосымша шығындарға ұшырап жатыр. Бұл туралы jasqazaq.kz ақпарат көзі Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен брифингтегі ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады. 

«Жоғары оқу орындарына академиялық және қаржылық дербестік берілген, сондықтан оқу ақысы қанша болатыны туралы мәселені әр институт, әр университет, әр академия өзі шешеді. Қашықтан оқытқанда шығын аз болады деген түсінік бар. Негізінде олай емес, мысалы, оқу орнында 5 корпус болса, бесеуі де жабылмайды. Оның коммуналдық шығындары, жұмыс істеп жатқан оқытушылардың шығындары бар», — дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, қашықтан оқу режиміне көшкенге дейін жоғары оқу орындарында қашықтан оқу жүйелері, технологиялары болмаған.

«Сондықтан олар қазіргі уақытта арнайы шығынданып, арнайы жүйелерді сатып алып жатыр. Интернет күшін кеңейтуде. Біз берген тапсырмаға сәйкес барлық жоғары оқу орындары қосымша шығындарға ұшырап жатыр. Бұл министрлік емес, әр университет өзі шешетін мәселе», — дейді ол.

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
4 года назад 2304
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232