لَا إِلٰهَ إِلَّا أَنْتَ سُبْحَانَكَ إِنِّي كُنْتُ مِنَ الظَّالِمِينَ
«Сенен басқа ешбір Тәңір жоқ. Пәксін. Шын мәнінде мен қателесушілерден болдым»
(Əнбия сүресі, 87 аят)
أَنِّي مَسَّنِيَ الضُّرُّ وَأَنْتَ أَرْحَمُ الرَّاحِمِينَ
«Маған бір бәле келді. Сен мәрхамет етушілердің абзалысың»
(Əнбия сүресі, 83 аят)
رَبِّ اغْفِرْ وَارْحَمْ وَأَنْتَ خَيْرُ الرَّاحِمِينَ
«Раббым! Жарылқа, мәрхамет ет! Сен мәрхамет етушілердің ең жақсырағысың»
(Му'минун сүресі, 118 аят)
رَبِّ إِنِّي ظَلَمْتُ نَفْسِي فَاغْفِرْ لِي
«Раббым! рас өзіме кесір істедім. Мені жарылқа!»
(Қасас сүресі, 16 аят)
رَبَّنَا اغْفِرْ لِي وَلِوَالِدَيَّ وَلِلْمُؤْمِنِينَ يَوْمَ يَقُومُ الْحِسَابُ
«Раббымыз! Есеп құрылатын күні, мені, әке-шешемді және мүміндерді жарылқа!»
(Ибрахим сүресі, 41 аят)
رَبَّنَا اغْفِرْ لَنَا ذُنُوبَنَا وَإِسْرَافَنَا فِي أَمْرِنَا وَثَبِّتْ أَقْدَامَنَا وَانْصُرْنَا عَلَى الْقَوْمِ الْكَافِرِينَ
«Раббымыз! Күнәларымызды, ісіміздегі орынсыздықтарымызды кеше көр әрі табанымызды мықтап, кәпір қауымға қарсы жәрдем бер!»
(Əли Имран сүресі, 147 аят)
Қасиетті Құран Кəріммен бірге, сенімді хадистерге сай истиғфар дұғалары бар. Мысалы: Бірде қадірлі Əбу Бəкір (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымызданﷺﷺ намазда дұға жасауын үйретуін сұрайды, Пайғамбарымыз оған келесідей дұғаны үйретеді :
اَللّٰهُمَّ إِنّـِي ظَلَمْتُ نَفْسِي ظُلْمًا كَثِيرًا وَلَا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلَّا أَنْتَ فَاغْفِرْ لِي مَغْفِرَةً مِنْ عِنْدِكَ وَارْحَمْنِي إِنَّكَ أَنْتَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ
(Аллахумма, инни золəмту нафси зулмəң кəсиирон, уə лəə йағфиру-з-зунубə иллə Əңтə, фəғфир ли мəғфиротəн мин иңдикə уархəм-ни, иннəкə Əңтəл-Ғофуру-р-Рохиму!)
«Уа, Алла, расында мен өз-өзіме көптеп зұлымдық жасадым (яғни күнə жасадым), Сенен басқа ешкім күнəларды кешірмейді! Мені кешір жəне Өзіңнің кешіріміңді бер жəне мейіріміңе бөле, Сен - Кешірімді, Мейірімдісің!» (Бухари, Муслим).
Бұл дұға сəждеде оқылуы мүмкін жəне əт-тəхияттан соң бұл истиғфарды оқу да орынды.
Тағы бір өте маңызды дұғалардың бірі, күндіз жəне түнде оқуға болатын, Пайғамбарымыз ﷺ «Алладан кешірім сұраудағы дұғаның патшасы» (саййид ул-истигфар) деп атап кеткен дұға келесідей:
اَللّهُمَّ أَنْتَ رَبِّي لَا إِلٰهَ إِلَّا أَنْتَ خَلَقْتَنِي وَأَنَا عَبْدُكَ وَأَنَا عَلَى عَهْدِكَ وَوَعْدِكَ مَا اسْتَطَعْتُ أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا صَنَعْتُ أَبُوءُ لَكَ بِنِعْمَتِكَ عَلَيَّ وَأَبُوءُ لَكَ بِذَنْبِي فَاغْفِرْ لِي فَإِنَّهُ لَا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلَّا أَنْتَ
(Аллахумма, Əңта Робби, лəə илəəхə иллə Əңта, холақтəни уə əнə 'əбдукə, уə əнə 'əлə 'əхдикə уə уə'дикə мəстато'ту. А'узу бикə миң шəрри мə сонə'ту, əбу'у лəкə бини'мəтикə 'əлəййя, уə əбу'у бизамби, фəғфир ли, фə иннəху лə йəғфируз-зунубə иллə Əңтə!)
«Уа, Алла, Сен - менің Жаратушымсың, жəне Сенен басқа Тəңір жоқ, Сен мені жараттың, ал мен Сенің - құлыңмын, жəне Саған деген адалдығымды күшім жеткенше сақтаймын. Менің жасаған жамандығымнан Өзіңе сыйынамын, Сенің маған жасаған мейіріміңді жəне өзімнің күнəмды мойындаймын. Мені кешір, өйткені, расында Сенен басқа ешкім күнəларды кешірмейді!»
Бұл дұға жайлы Пайғамбарымыз ﷺбылай дейді: « Кім бұл сөздерді күндіз айтып, сол күні кешке дейін қайтыс болса, онда ол Жəннəт иелерінен болады жəне кім бұл сөздерді түнде айтып, таң атқанша өлсе, Жəннəт иелерінен болады» (Бухари).
Дұғаларды əрдайым сəждеде жатып, тазару мен разылық келгенше жасау. Мысалы, Алладан былай сұрау:
يَا حَيُّ يَا قَيُّومُ بِرَحْمَتِكَ أَسْتَغِيثُ أَصْلِحْ لِي شَأْنِي كُلَّهُ وَلَا تَكِلْنِي إِلَى نَفْسِي طَرْفَةَ عَيْنٍ
(Йə Хəййу, йə Қойюму, бирохмəтикə əстəғису, əслих ли шə'ни куллəху уа лə тəкилни илə нəфси торфəтə 'əйн!)
«Уа Тірі, Уа Мəңгі, Өзіңнің мейіріміңнен пана тілеймін, менің істерімнің бəрін оңалт, мені өз нəпсіме жəне бір сəтке сендірм(бойалдырма)!»
Кейбіреулер бұл дұғаға келесі сөздерді қосқан: وَلَا أَقَلَّ مِنْ ذٰلِكَ , яғни «жəне тіпті аз уақытқа да».
Бұл жағдайда сондай-ақ Пайғамбарымыздың ﷺ ұйқыдан оянғанда айтатын мына дұғасын айтуға болады:
سُبْحَانَكَ اللّٰهُمَّ أَسْتَغْفِرُكَ لِذَنْبِي وَأَسْأَلُكَ رَحْمَتَكَ، اَللّٰهُمَّ زِدْنِي عِلْمًا وَلَا تُزِغْ قَلْبِي بَعْدَ إِذْ هَدَيْتَنِي وَهَبْ لِي مِنْ لَدُنْكَ رَحْمَةً إِنَّكَ أَنْتَ الْوَهَّابُ
(Субхəнəкə Аллохуммə əстəғфирукə ли-зəнби, уə əс’əлюкə рохмəтəкə. Аллохуммə зид-ни ‘илмəн, уə лə тузиғ қолби бə’дə из хəдəйтəни! Уə хəбли мил лəдуңкə рохмəтəн, иннəкə əңтəл- Уəххəб!)
«Уа, Алла, Сен Пəксің. Сенен менің күнəларымның кешірілуін жəне Сенің Мейіріміңді сұраймын. Уа, Алла, білімімді арттыр жəне мені тура жолға салғаннан кейін, менің жүрегімді тура жолдан бұрып қойма! Өзіңнің мейіріміңе бөле, расында Сен Жалғызсың!» (Бухари, Муслим)
ihsan.kz