"Далада маска тағыңыздар". Ғалымдар вирус ауада қалықтап жүретінін мәлімдеді
"Далада маска тағыңыздар". Ғалымдар вирус ауада қалықтап жүретінін мәлімдеді

Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрила Малтабарова коронавирус пандемиясы кезінде вирус ауа арқылы тарайтынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы уақытта шетелдегі әріптестеріміз ғылыми зерттеу жұмысын жүргізді. Олар вирус ауа арқылы тарайтынын дәлелдеді. Сондықтан сыртқа шыққанда маска тағып жүріңіздер", - деді Астана медицина университеті медициналық жедел жәрдем, анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Сонымен қатар, дәрігер қымыз ішіп, бал жегенде сақ болу керегін ескертті.

"Қымыздың да, балдың да ағзаға пайдасы бар. Олар зиян деп айта алмаймын. Өйткені, қымыз бен бал - табиғи өнім. Қымыз иммунитетті көтереді. Бірақ, балды жеп, қымызды ішкен кезде сақ болу керек. Әсіресе, аллергиясы бар адамдар. Себебі, олар аллергияны қоздыруы мүмкін", - деп түйіндеді сөзін Нұрила Малтабарова.

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
4 года назад 2762
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232