Сиэтлдегі Вашингтон штаты университетінің инженерлері әдеттегі қуат көзін қажет етпейтін телефон ойлап тапты, деп жазды news.finance.ua. Ол қажетті энергияны ауадан алады.
Джоуш Смиттің лабораториясында жұмыс істейтін Талла тыңшы-атасынан АҚШ-тың КСРО-дағы елшісінің кеңсесінде қуат беретін құрылғысыз жұмыс істейтін, жанында тұрып сөйлеген адамның даусын тарата алатын құрылғы болғанын естиді. «Мен неге тыңшылардың құралын технологияға айналдырып, барлық адамның игілігіне жаратпасқа деп ойладым», — дейді ол. Нәтижесінде ауадан қуат алатын телефон ойлап тапқан. Бірақ оның қолданысқа шығатын, шықпайтыны белгісіз.
7kun.kz