Ауаның ылғалдылығы коронавирустың таралуына әсер етеді. Қарсы отырған адамнан гөрі жанында отырған адамға жұғу қатері көп
Ауаның ылғалдылығы коронавирустың таралуына әсер етеді. Қарсы отырған адамнан гөрі жанында отырған адамға жұғу қатері көп

Жапония ғалымдары «Фугаку» деп аталатын супер-компьютер арқылы тәжірибе жүргізіп, осындай құбылысты анықтады.

Ауаның ылғалды болуы вирус бөлшектерінің таралуын арттыруы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жапония ғалымдары «Фугаку» деп аталатын супер-компьютер арқылы тәжірибе жүргізіп, осындай құбылысты анықтады. Мамандардың айтуынша, бұл қыс кезінде адамдардың құрғақ жабық орында коронавирусты жұқтыруын арттыратынын білдіреді. Осымен қатар ғалымдар бетперде адамды вирустан мөлдір экраннан көрі жақсы қорғайтынын байқаған. Ал бір үстел басында вирусты жұқтыру қаупі қарсы отырған адамнан гөрі жанында отырған кісіден көбірек болады дегенді айтады.

Коронавирус жұқтырған адам бұрын болмаған дертке шалдығуы мүмкін

Коронавирус қант диабеті мен жүйке жүйесі ауруларын тудыруы мүмкін. Бұл туралы қазақстандық дәрігерлер айтты.

Коронавирус қант диабеті мен жүйке жүйесі ауруларын тудыруы мүмкін. Бұл туралы қазақстандық дәрігерлер айтты, – деп хабарлайды «КТК».

Телеарна мәліметінше, қазіргі уақытта елордалық дәрігерлер бірнеше клиникада коронавирус салдары қандай болуы мүмкін екенін зерттеп, арнайы оңалту бағдарламаларын әзірлеуге тырысып жатыр.

Коронавирустан кейінгі синдром жобасына 40 адам қатысқан екен. Зерттеу нәтижесі коронавирус инфекциясының бірнеше аурудың пайда болуына себеп болатынын көрсеткен. Қосалқы ауруларды емдеу үшін препараттардың қосымша дозасы керек болады дейді мамандар. Мысалы, зерттеу барысында коронавирус жұқтырып, ауырып шыққанда адамда қант диабеті пайда болған. Бұл дәлелденді дейді дәрігерлер.

Мамандар қант диабетінен басқа жүйке жүйесі де зардап шегетінін айтады. Коронавирус жұқтырып, ауырып шыққандардың көбі алаңғасар екені және есте сақтау проблемалары болғаны байқалған екен.

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
4 года назад 2057
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232
Прямой эфир