Елордадағы ҚазТБУ студенті Сапаралы Алтынбек Қазақстанда алғаш рет IQ көрсеткішін анықтайтын ұйым ашқан. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
IQ – адамдардың тез қабылдағыштығы мен ақылдылығына берілетін баға. Оны арнайы тест арқылы қарапайым адамдардың ойлауы мен ақылдылығына қарап салыстыра анықтайды. Ұйым жылына бірнеше рет ауқымды тест жұмысын ұйымдастырып тұрады.
Зияткерлік көрсеткіші жоғары адамдарды ұйым өзіне мүше ретінде қабылдайды. Қазіргі таңда ұйым құрамында 50-ге тарта ақылды адамдар бар. Ұйымға танымал тұлғалардың ұлдары: Олжас Еспанов, Ерасыл Болат және Бекболат Болманов мүше.
Қызметтің Қазақстанда жоқ түрін ұсынатын Алтынбектің ұйымы жастар арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Ашылғанына небәрі төрт ай болған ұйым он мыңнан аса адамға қызмет көрсеткен.
Жеті адамды жұмыспен қамтып отырған 20 жастағы кәсіпкер студент алғашқы миллиондарын осылай тауып отыр. Еске сала кетсек, Сапаралы Алтынбек 2017-жылы Астана қаласының жастар мәслиxатына депутат болып сайланған еді.
Сонымен қатар, Елбасы тұтатқан XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 ойындарының алауын алып жүру құрметіне ие болған.