Әрі күлкі, әрі түрпі...
Әрі күлкі, әрі түрпі...
Біздің сәләфи бауырларымыздың арасындағы халық шеберлері құтыруларын қоймай, өздерінің жаңа туындыларымен бізді қуантуларын жалғастыруда. Олардың кезекті бейне-шедеврлері ұстаз Ерсін Әміреге арналған көптеген роликтерінің санын тағыда толтырды десек те болады. Айта кетсек, олар бұндай роликтерінде  өздеріне үйреншікті болып қалған құйтырқылық пен монтаждауды пайдаланып, ұстазды ғана емес, жалпы Әһлі Сүннет ақидасын мазақ қылмақ.

Өздерінің діни сауатсыздықтары мен қауқарсыздықтарын әшкерелеп жатқандарын сезбестен, олардың бұл істегі қырсықтықтары мен тұрақтылықтарына қарап «бәлки уақыттары мен миларының сұр заты асып-тасып жатқан шығар» деген ойға шомыласың. Тек, олар үшін бұл тәсіл өз ақидаларын ашық пікірталасқа шығып, Құран, Сүннет және ақылмен пайымдау арқылы қорғаудан әлдеқайда оңай.
 
Тек осы жолы олар өз-өздері мен өз ақидаларын мазақ етіп алды, өйткені монтаждалған бейнеролик Ибн Тәймиянің «Баян тәлбису джахмиә» кітабы талқыланған дәрістен алынған, кітапта ол өзінің көзқарасы жайында айтып отыр, ал біздің сәләфилер болса бұны әлі түсіне алмаған тәрізді. Осыған орай, біз оларға осы сабақты тағы да бір мұқият тыңдап шығып, ол жерде не туралы айтылып жатқандығын ұғынып алуды кеңес етеміз, әйтпесе келесі жолы тағы да өз-өздерін мазақ етіп алып жүрер. 

Неге десеңіз, Құран аяттарын оқыған адамның сөздерін мазақтау – ол Алланың Кәләмін мазақ ету. Ал, Ибн Тәймиянің кітабын оқыған адамды мазақтау – Ибн Тәймиянің өз кітабында баяндаған ақидасын мазақтау емей немене? Демек, Ибн Тәймияны күлкі еткен сәләфит өзін-өзі мазақ етуде, себебі ол өзі сол ақиданың ізбасары. Мустафа Сыдық әр-Рафии «Уахъүл Кәләм» кітабында айтқандай: «Олар көк аспанды ластамақ болып, аспанға шаң атады, алайда аспан тап-таза болып жарқырап қала береді де, атқылаған шаңдары өздеріне қайтады».  
 
Оның үстіне, бауырларымызға  бейнероликтеріңіздің сапасын арттыруға көңіл бөлсеңіздер еді деген тілегіміз бар. Не болса да Қазақстандағы ғана емес, бүкіл әлемдегі уаххабизмге араб әлеміндегі ең бай мемлекеттерінің бірі демеушілік көрсетіп отыр емес пе, сондықтан да сапасы бөлінген қаражаттың мөлшеріне сай болу керек. Оның үстіне Қазақстанда сіздер бейнеаппаратурамен, студиямен, монтаждау және басқа да құралдармен толық жабдықталғансыздар.
 


Azan.kz

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
9 лет назад 5892
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232
Прямой эфир