Ақтау тұрғыны Вячеслав Никишин Қаракөл көлінде топтасқан қызғылт қоқиқаздарды видеоға түсіріп алды.
Бұл туралы «Лада» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Құстар тобын видеоға түсіріп алған ер адам оны әлеуметтік желіде бөлісті.
«Қоқиқаздар көлдің орта жағында тұр. Олар жағалаудан көрінбейді. Сондықтан видеоға түсіріп алып, бұл сұлулықты Ақтау тұрғындарына көрсеткім келді. Қоқиқаздар, шынымен де, өте әдемі әрі нәзік құстар. Ал олардың шоғырланған тобуын көру тіптен керемет», – деп жазды Никишин.
Жыл сайын қоқиқаздардың Ақтаудың шетіндегі Қаракөл көліне ұшып келетіні белгілі. Алайда оларды барлығы бірдей тамашалай алмайды.