Ақмолалық омарташы таза балдың қандай болатынын,қандай ауруларға ем екенін көрсетіп берді (фото, видео)
Ақмолалық омарташы таза балдың қандай болатынын,қандай ауруларға ем екенін көрсетіп берді (фото, видео)

Бал – халық медицинасында ерте заманнан-ақ қолдау тауып, көптеген ауруларға қарсы бірде-бір шипалы табиғат сыйы.

Сан түрлі шөптердің нәрі жинақталған балдың құрамында Менделеев кестесіндегі барлық элеметтердің түрі бар. Бал арасын сонау 1990 жылдардан бастап ұстап, кәсібінен нәсібін көріп отырған Ақмола облысы, Зеренді ауданы, М.Ғабдуллин атындағы ауылдық округте тұратын омарташы Сергей Кутергин бал арасының түрі мен алу жолдары жайлы Stan.kz сайтының аймақтағы тілшісіне айтып берді.

10dphLGzljE-—-копия

«Кішкентай кезімнен әлі күнге дейін табиғаттың баласымын. Бал арасын әкем өсіргенімен, маған онша үйрете қоймады. Ал мен өзім бұл кәсіпті Фельгия Александр атты кісіден үйрендім. Жанынан бір елі шықпай, көрсеткенін бірден меңгеріп алатынмын. Тез қабылдап, іске деген қызығушылығым байқаған ағайым бір ара жақтауын сыйлайды. Көзім бал-бұл жайнап, қалай қуанғанымды білсеңіздер ғой. Содан менің қызығушылығымның бастауы осындай үлкен кәсіп бастауға себепші болды», – дейді омарташы.

DHolesS2-G4-—-копия

Қазіргі таңда Сергей омарташыда 20 бал арасының үйшіктері бар. Әр ара өзінің «қоржынына» өз салмағының жартысына жететіндей шірне жинай алады. Олар жинаған шірнесін ұядағы жас араларға жеткізеді. Жас аралар шірнені тор көзшелерге салады. Іле қанаттарымен желдетіп, артық ылғалын жояды.

Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертіп, оны балға айналдырады. Көзшелер балға толғаннан кейін ара оны балауыз қақпақшамен жабады. Ең аз дегенде бір ара жақтауынан 1-1,5 кг бал ағызып алуға болады. Бірақ, аралардың өз алдында күтімі бір бөлек әңгіме.

algIpQd9xcY-—-копия

Әр үйшікті жылы көрпеше немесе жастықпен жаппаса, суыққа олар бостан-босқа қырылып қалады. Оған қоса, ампициллин таблеткаларын суға ерітіп, әр жақтауды залалсыздандыру керек. Әр жақтаудың шірнесіндегі түтігін бітеліп қалмаудан қорғау керек. Өйткені, сан түрлі кене-паразиттер түтікшілерді бітеп, барлық шырынды балды өздері сіміріп алады.

i80V_AIAJbY

Негізінен бұл жұмыс жауапкершілікпен қоса, зор шыдамдылықты талап етеді. Бірақ, адамдардан гөрі аралардың еңбекқорлығы өз алдында бөлек әңгіме. Өйткені, олар ұясын алты бұрышты, геометриялық пішінде өздері жасайды. Бал ұяшықтарын жасаудағы аралардың қолданатын тәсілі де таңғаларлық. Аралар бұл іске бірден екі-үш жерден бастап кіріседі. Бәрі бірдей өлшемде алты бұрыш жасап, бұларды кейіннен бір-бірімен біріктіріп әкеліп бал ұяшықтарын тоқиды.

 

Сонда барлығы бір жерден шығады екен. Алты бұрыштардың бір-бірімен шебер жымдастырылғаны сондай, әрбір қабырғаның бөлек тоқылғандығын байқау өте қиын. Бастапқы кезде ашық сарғыш түсте болатын ұяшықтар, уақыт өте келе қою қоңыр түске боялады.

eZVOtxjhQ2Y

Бал арасының үш тобы – ара патшасы, еркек ара, жұмысшы деп топқа бөлінеді. Жұмысшы араның дене тұрқы кішілеу, өңі қара, басы, кеудесі және жонында сұрғылт сары нүктелері болады. Басы үш бұрыштылау келеді. Басында үш жай, екі күрделі көзі болады. Аузы үлкен, бал жинауға қолайлы, кеуде жағы үш буынды, ор-та буыны үлкен келеді. Екі жұп жарғақ қанаты бар. Үш жұп аяғының тозаң жинайтын себеті болады. Қарын жағы дөңгеленген конус тәрізді, сауыр жағында қара сары түсті 1-4-ке дейін келген қара белдеулер бар. Құйрығында үшкілдеу безі және шанышқы инесі болады. Бауыр жағында төрт түп балауыз пластинкасының ішіндегі балауыз безі балауыз бөліп шығарады.

JAMZezjSHek

Айта кетейік, бір литр бал шәрбатының құрамы 20 мг. натрий, 204 мг. калий, 24 мг. фосфор, 1200 мг. протеин, 313,6 гр. көмірсу, 60 мг. кальций, 3,2 мг. темір, 0,04 мг. тиамин, 0,28 мг. рибофлавин, 0,8 мг. ниацин мен 16 мг. C дәруменінен тұрады. Сондықтан, күніне кем дегенде бір шәй қасық бал жеген адамның қан құрамы жақсарады, ішкі ағзалардың қызметі жанданады, иммуниететі артады, дененің физиологиялық қызметі, күш-қуаты қалпына келеді.

fs5YiRxLZ3s

“Табиғи ара балы сан түрлі аурулардың алдын алады. Мысалға, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына тіпті күйікке, аллергияға да ем ретінде пайдалануға болады. Табиғи балдың химиялық құрамы нәрлі шырын жинаған өсімдіктердің түріне байланысты балдың сапасы, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы ажыратылады”, – дейді омарташы.

JlkaKY_5R8Y

Қазіргі таңда балға сұраныс өте жоғары. Бағасы сәйкесінше адамдардың ықыласынан шығып жатыр. Сергей аға балды ешқандай қоспасыз табиғи күйінде сатады. Қант араластырып қою деген ой омарташының ойына мүлде кірмепті.

3232

Бал арасын баптау мен табиғи бал алу жолдарын омарташы әулеттің мұрагері Владимирге үйретіп жүр. Болашақта ұлының өз ісін жалғастырушы ретінде көргісі келетін әке арманы орындалады деп сенеміз.

tXiY9u9OCM8

Күзге қарай қара суық жақындаған сайын бал ағызып алу қиынға соғады. Сол кезде омарташы Сергей ағай арнайы құрылғысымен әр үйшікті түтіндетіп, араларын сыртқа шығару арқылы бал жақтауларын алады.

M1J3jh5jaJg

Айта кетейік, бал ағызып алу барысында Сергей аға сан мәрте араның ащы шағу шырмауында тап болған. Бірақ, омарташы араның шағуын емдік қасиетке балайды.

Назым Сапарова

http://stan.kz

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
7 лет назад 4443
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232