Непалда жылына 250 мыңдай үй жануарлары құрбандыққа шалынады. Жоқ, құрбан айт қарсаңында емес. Непалда тұратын үнділерде әр жылы осындай фестиваль ұйымдастырылады. Ол екі күнге созылады. Онда сиырлар, буйволдар (өгіз), үй құстары, ешкілер құрбандыққа шалынады. Бір қызығы ол құрбандықтың бәрі Гэдхимай деген өздерінің пір тұтатын пұттарына арналып шалынады. Бұл сәттілік пен жақсылық алып келеді мыс.
Аталған фестиваль әр 5 жыл сайын Гэдхимай, Бариарпур деген храмдардың маңында ұйымдастырылады. Соңғы рет 2009, 2014 жылдары ұйымдастырылып, оған миллиондаған үнділер жиналған еді. PETA жануарларды қорғау ұйымының мәліметіне қарағанда 2009 жылы 250 000-нан астам жан-жануар осы науқанның құрбаны болған.
Бұл бассыздыққа француз киноактрисасы Брижит Бардо қарсы шыққан болатын. Ол Непал басшыларына бұл дәстүрге тыйым салу туралы ұсынысын айтып, хат жазған. Өзінің 10 қарашада жарияланған хатында Бардо Непал президенті Рама Барана Ядаваға бұл негізі жаман діни рәсімге жол бермеуге шақырған.
Фестивальдан кейін...
Суретке түсіп жатыр. 29-қараша, 2014 жыл
Фестиваль аяқталған соң адамдар осылай үйлеріне тарайды.
Бір қызығы әлгі сиырлардың басынан тілдерін ғана алып, қалғанын тастап кетеді.
Еттерін жіліктеп алып кетеді. Терілерін де жинап алады.
Еттерін алып, ішек-қарындарын сол жерге тастап кетеді. Оны арнайы трактормен жинайды.