2019 жылдан бастап көлікті сақтандыру тәртібінде қандай өзгерістер болады?
2019 жылдан бастап көлікті сақтандыру тәртібінде қандай өзгерістер болады?

Жаңа жылдан бастап автожүргізушілер үшін электронды сақтандыру полисі 10 пайызға арзандауы мүмкін. 

Бұл туралы Ranking.kz сарапшылары айтты, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізушілерге сақтандыру полисінің қағаздағы нұсқасы болмағаны үшін айыппұл салынбайды. Полистің бар-жоғы сақтандырудың бірыңғай мәліметтер базасынан тексеріледі.

Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 685-бабына сәйкес, полицейлер істі осы кодекстің 230-бабы бойынша қарастыруға өкілетті. 230-бапта (ҚР-ның міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) жеке тұлғаларға 10 АЕК (24 050 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Жаңа жылдан бастап сақтандыру келісімшарттарын сақтандыру ұйымдарының сайттары арқылы жасауға болады. Электронды сақтандыру полисін сатып алу 10 пайызға арзан болуы мүмкін.

Заңнамада сақтандыру келісімшартын өзгерту немесе бұзу туралы өтініш беру мүмкіндігі, сонымен қатар сақтандыру жағдайларын онлай түрде реттеу қарастырылған, дейді сақтандырушылар қауымдастығындағылар.

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
6 лет назад 2524
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232