Абай атамыздың өміршең өлеңі
Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай -Қыстың басы бірі ерте, біреуі жәй.Ерте барсам жерімді жеп қоям деп,Ықтырмамен күзеуде отырар бай. Кедейдің өзі жүрер малды бағып,Отыруға отын жоқ үзбей жағып.Тоңған иін жылытып, тонын илеп,Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып. Жас балаға от та жоқ тұрған маздап,Талтайып қақтана алмай, өле жаздап.Кемпір-шалы бар болса, қандай қиын,Бір жағынан қысқанда о да азынап. Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі,Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,О да қылған кедейге үлкен сыйы. Қар жауса да, тоңбайды бай баласы,Үй жылы, киіз тұтқан...