Ақмолалық омарташы таза балдың қандай болатынын,қандай ауруларға ем екенін көрсетіп берді (фото, видео)
Бал – халық медицинасында ерте заманнан-ақ қолдау тауып, көптеген ауруларға қарсы бірде-бір шипалы табиғат сыйы. Сан түрлі шөптердің нәрі жинақталған балдың құрамында Менделеев кестесіндегі барлық элеметтердің түрі бар. Бал арасын сонау 1990 жылдардан бастап ұстап, кәсібінен нәсібін көріп отырған Ақмола облысы, Зеренді ауданы, М.Ғабдуллин атындағы ауылдық округте тұратын омарташы Сергей Кутергин бал арасының түрі мен алу жолдары жайлы Stan.kz сайтының аймақтағы тілшісіне айтып берді. «Кішкентай кезімнен әлі күнге дейін табиғаттың баласымын. Бал арасын әкем өсіргенімен, маған онша үйрете...