Бір ажалдан аман қалдым..!
Бір ажалдан аман қалдым..!

Студент кезім...3-курстың студентiмiн. Мамырдың мамыражай күндерінің бiрi. Группаластарыммен ерке Есiлдің жағасындағы саябаққа барып келе жатырмыз. Жатақханаға жақындау жерде көлік көп жүре қоймайтын көшеде орналасқан пешеход бар едi. Жатақханаға қарай өтуге "ала сызыққа" келдік. Жаяулар жақтағы бағдаршамның "жасыл" көзi жанды. Бағдаршам таблосы 15,14,13...сандарын керi ретімен көрсетіп тұр. Жолдың арғы бетіне қарай өтіп бара жатырмыз.Тууура ортаға келгенде сол жақтан "Тоуата" маркалы қара көлік қатты жылдамдықпен келіп, менi "сәл" сүріп өтіп, көз алдымда қарсы келген көлікке соқтығысып қалды...Қатты соғысқаны соншалық, бірнеше мәрте айналып-айналып, аударылып қалды...Есiгi ұшып кеткен...Менің алдымда жатыр...
Мен дыбыс та шығарған жоқпын. Дел-сал күйде тұрмын...
Құрбым қолымнан тартып "кеттік, кеттік" деп жатыр...Менде дыбыс жоқ, орнымда қатып тұрмын...Құлағым бiтiп, көзім қарауытып кетті...Сөмкем ұшып кеткен, анадай жерде жатыр...
Бiр уақытта қасымдағы адамдардың "Алла сақтады", "көрер күнi бар екен", "чудом спаслась" деп жатқан дауыстары құлағыма келді. Сонда барып, маған ешнәрсе болмағанын, аман-сау, тiрi екенiмдi сезініп, алға қарай адымдап жылжи бастадым. Қолым сәл ауырсынып тұр...
Апат болған жаққа қарасам, қара көліктiң сау жерi қалмапты, төңкеріліп жатыр... 
Ал, екінші соғысқан көліктiң iшiнен қолына жас сәбиiн көтерген жас әйел "дiн-аман" шығып барады...Сәбиi ұйықтап жатыр. Ауыр апат сәбиді ,тiптi, тәтті ұйқысын да айырмапты.Таң қалдым..!
Алланың құдіретінде шек жоқ қой!!!
Сол күнәсіз періштенің тiлегi қабыл болып, бiр бәледен аман қалдық па деймін...
Шүкірiмiз аз, күнәмiз көп пендеміз ғой!
Бұл да бiр ескерту..!
Үйге келіп, истигфар айтып, шүкір сәждесін жасадым.
Жолда абайлап жүріңіздершi, иә!!!!

Амангүл Мадетханқызының фейсбуктағы жазбасынан алынды

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
2 года назад 605
0 комментариев
О блоге
0
187030 189 510 3630 224