Ауыл жастары ақша жинап, тұрмысы төмен 25 отбасыға көмір алып берді (фото, видео)
Ауыл жастары ақша жинап, тұрмысы төмен 25 отбасыға көмір алып берді (фото, видео)

Алматы облысының Сарыозек ауылында жастар өзара ақша жинап тұрмысы төмен отбасыларға көмір алып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Қыс ортасына түссе де облыс та көмір мәселесі әлі де шешілмей тұр. Жұрт қақаған аязда көмір таппай дал болды. Онымен қоймай көмір тапшы болғандықтан бағасы да шарықтап кеткен. Ал, тұрмысы төмен отбасылардың қомақты ақша беріп, көмір сатып алуға жағдайы жетпейі.

Осы орайда ауыл жастары желіде ақылдаса отырып, бір ауыздан ақша жинайды.

“Көп түкірсе көл болады” демекші, тиын-тебеннен біраз қаражат жиналған. Осы ақшаға көмір алып, 25 отбасының үйді-үйіне таратып береді.

“Жастар ақылдаса келе әркім өз мүмкіндігінше ақша жинады. Осылайша 130 бала ақша жинадық. Кейіннен жағдайы төмен отбасыларға үлестірдік. Ауылда мұндай отбасылар әлі де көп. Бірақ бұл жақсылығымызы көпке жариялайық еген ой болған жоқ. Алдағы уақытта да жақсылығымызды жариялағымыз келмейді. Мақтаныш үшін емес, көмегіміз тисін деп ұйымдастырған болатынбыз. Мүмкін болса, көпке жария қылмасаңыздар да болады”, – дейді ұйымдастырушылардың бірі Қайролұлы Хадият.

Жастарға тұрмысы төмен отбасылардың тізімін мешіт имамдары берген. Суық үйде тоңған отбасы мүшелері жастардың мұндай жақсылығына алғысын білдіруде.

Жігіттер көмір түсірген үйдің бірінің отағасы үйінде болмай шықты. Бала-шағасының айтуынша, әкелері ауырып емханада жатыр екен. Ал, 6 баласы суық үйде бүрсең қағып отыр.

Жастар алдағы күз айында да тұрмысы төмен отбасыларға мектеп формаларын, сабаққа қажетті заттарын алып бермек ниетте.

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
12 дней назад 221
0 комментариев
О блоге
0
429362 202 532 4832 231