Юсуф (а.с.) пайғамбар тасталған құдық (ВИДЕО)
Юсуф (а.с.) пайғамбар тасталған құдық (ВИДЕО)

Якуб Пайғамбар балаларының ішінде Юсуфты өзгелерінен бөлек жақсы көретін. Ол оның бойынан пайғамбарлықтың белгілерін байқаған-ды. Бірақ әкелерінің Юсуфқа ерекше ықылас білдіргенін өзге бауырлары қызғанатын еді. Соңында қызғаныш оларды жеңіп тынады. Бауырлары Юсуфтан құтылып, әкелерінің ықыласына бөленбек болады. Сөйтіп Юсуфты қала сыртына шығарып алып, бір құдыққа тастайды. Көйлегін қанға бояп әкелеріне әкеледі. Әкесі қасқыр талады деген баласының бүтін көйлегін көріп, таң қалып қала береді.

Юсуф түн қараңғысында, құлағы жабайы аңдардың дауысына тұнып, құдықта жалғыз қалады. Аталмыш құдық Палестина мен Сирия арасындағы керуен жолында еді. Сәтін салғанда, бір керуен тоқтап, баланы тауып алады. Міне, сол құдық осы…

Бірақ, құдыққа қарап тұрсаңыздар үлкен екенін байқайсыз. Сол кездері адамдары алып болған ба сонда? Ол да мүмкін? Уақыт өте келе жауған жауын және басқа су, жел, сел т.б. секілді табиғи құбылыстардан өзгеріске ұшырауы да ғажап емес.

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
3 жыл бұрын 6124
0 пікір
Блог туралы
0
866124 204 534 4861 231