Ұйқы қандырудың денсаулық үшін маңызы қандай
Ұйқы қандырудың денсаулық үшін маңызы қандай

Шала ұйқының адам денсаулығына қалай әсер етуі мүмкін? екендігін оқып шығыңыз. Дәрігер, фитнес-нұсқаушы сондай-ақ «Sputnik Osetia» журналының шолушысы Анна Гаглоева ұйқының қанбауы әлемдегі өмір сапасына қалай әсер ететіні туралы әңгімеледі.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Кез-келген ересек адамнан қазіргі кезде бізге не жетіспейді? – деп сұрап көріңіз. Әрине ол ақша және ұйқы жетіспейді деп жауап береді. Ақша жағына келсек, бәрі түсінікті. Бірақ ұйқының жетіспеуі қиын жағдай. Себебі, біздің ұйқымыз қанбаса да, өмір сүру үшін таңнан кешке дейін қызмет етеміз.

Белгілі бір жасқа жеткенше түні бойы компьютердің алдында отырып, ұйықтамау қызық көрінуі мүмкін. Алайда, уақыт өте кез келген адам ұйқысының қанбай жүргеніне шағымдана бастайды. Бірақ ұйқының қанбауы сана-сезімге ғана емес, сонымен бірге денсаулыққа да әсер етеді. Сол үшін, мықты болуға тырыспай, уақытымен ұйықтаған жөн.

Өмірдің қазіргі ырғағы, мыңдаған жарықтар, гаджеттердің жарық экрандары барлығы ағзадағы биологиялық заңдарды бұзады. Телефон, планшет, түрлі техникалар адамның қолданысында болу үшін  барлығын жасайды. Адам  күн сәулесін жасанды түрде ұзарта алғанымен, табиғи қажеттіліктерден бас тарта алмайды.  Дененің белсенділігін сақтау мелатонин гормонына байланысты. Мелатонин эмоциялық, физикалық белсенділікті төмендетеді, қан қысымын реттейді, ағзаның иммундық реактивтілігін арттырады. Ең дұрысы кеш бата сала біз жылдамдықты төмендетіп, ұйықтауға дайындалуымыз керек. Адамдар ұйқыға бөлінген уақытта керісінше, аяқсыз қалған жұмыстарын бітіруге асығады.

Егер ұйқы ұзақ уақыт қанбаса, жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, есте сақтау қабілетіне кері әсерін тигізіп, ойлау қабілетін бұзады. Балалардағы сүйек түзілу процестері бұзылып, тиісінше өсуді бәсеңдетіп отырады. Метаболизм процестеріне де зиян келіп, артық салмақтың пайда болуына әкеледі.

Спортпен шұғылданатын адамдар үшін ұйқы жаттығу процесінің маңызды бөлігі болып табылады. Әсіресе әуесқой спортшылар міндетті түрде физикалық және эмоционалды қалпына келу үшін ұйықтау режимін дұрыс сақтайды. Жаттығу кезінде  бұлшық етті қанша «шаршатып», артынан пайдалы ақуыздармен тамақтанса да, ағзаға ұйқы  жетіспесе оның істеген еңбегі өнбейді.

Ұйқы кезінде ересектерде бұлшық ет массасын көбейтіп, майлы қабатты азайтатын өсу гормоны шығарылып тұрады. Әжелеріміздің: балалар түсінде өседі деген даналығы осыдан қалса керек. Ұйқы бұзылса немесе үзілсе, көмірсулардың метаболизмі бұзылып, салмаққа теріс әсер етеді. Ұйқы тұрақсыз болса биологиялық белсенді зат синтезінің бұзылуына ықпал етеді.

Лептин – біздің тәбетіміздің реттеушісі, ол мидағы дене салмағының және майдың метаболизмі туралы қызметтерді жүзеге асырады. Ми тағамның реттелуіне жауап беретін және гастрономиялық қажеттіліктерімізді азайтатын аймақтарды белсендіреді. Жарнамадағы ақпаратқа сүйенсек, адам өмірінің үштен бірін ұйқыға жұмсайды. Бір жағынан, өмір сүруге берген уақытты ұйқыға өткізу өкініш тудыратыны анық. Екінші жағынан, өмір бойы ұйқы қанбай, айналаңа тітіркеніп қарау дұрыс емес. Ұйқы өмірге, көңіл-күйдің және сыртқы көріністің сапасына тікелей әсер етеді. Ал сіз өмірге түңіле берудің орнына, уақытымен ұйықтап жүргеніңіз абзал. 

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
5 ай бұрын 930
0 пікір
Блог туралы
0
599336 205 532 4841 231