Трампты Қазақпен не байланыстырады?
Трампты Қазақпен не байланыстырады?

Фейсбукте мен білетін журналистика саласына жақын азаматтардың дерлік барлығы Назарбаев пен Трамптың кездесуі туралы жазған болар. Басым бөлігінде тарихи оқиға, АҚШ Қазақстанды мойындады деген сыңайлы пікірлер айтылып жатты. Асыра сілтеудің де шегі болатын шығар?!

Әлемдегі ешбір елді мойындамаған АҚШ Президенті Елбасыға жылы лебіз танытты деп, мойындатқызып тастадық. АҚШ үкіметі дамушы елге Visa Free тәртібін ешқашан бермейді. Трамптың мұндай аса құрметпен қарсы алуының артында басқа мәселе жатыр. Сонымен талдап көрелік.

Trumpulism

The Wall Street Journal мәліметіне орай, қазіргі таңда Трамптың 33 құрылыс жобасы бар. Олардың барлығында Трамп есімі тұрғанымен, 11-і ғана оның өзіне тиесілі. Нью-Йоркке келген туристер, қаладағы зәулім ғимараттардағы Трамп есімін көріп, оның байлығы жайлы таңдайын қағады. Ал шындығында көп бөлігі оған тиесілі емес. Бұл популизмнің бір тәсілі. Ал мұның Назарбаевқа қандай қатысы бар? Ары қарай оқыңыз.

Chapter 11

Трамп Организациясының 1991-92 жылдары Атлантик-Ситидегі төрт Казино бизнесіне бейімделген қонақ үйлері үлкен шығынға ұшырап, жабылады. The New York Times ақпаратына орай, сол кезде Трамп пен оның бизнес серіктестерінің 5.9 миллиард АҚШ доллары көлемінде қарызы болған. Ол он жыл бойы кредиторлармен соттасып жүріп, уақыт ұтудың амалын жасайды. Нью-Йорктің адвокаттарының нағыз қылмыскерді де бостандыққа алып шыға алатын қуаты бар ғой. Солардың арқасын Трамп та паналаған. Ал 2000-жылдардың басында оның бизнесін Қазақстаннан “жымқырылған” ақша құтқарады.

Dutch Trust Office

Қазақстаннан шыққан Александр Машкевич(Қырғызстан), Тевфик Ариф және Виктор Храпунов сынды олигархтар Трамптың банкрот алдында тұрған бизнесін аман алып қалады. Жоғарыда аты аталған азаматтардың қысқа уақытта миллиардтаған соманы қалай жымқырғаны жайлы нақтыламасам да белгілі. Елдегі “қарапайым” коррупционерлер сынды Ариф пен Храпунов ақшаны оффшор зона арқылы шығарып алуды көздеп, Голландияға бағыт алады. Арал мемлекеттер оффшор аймаққа айналмай тұрып, Нидерландыда жоғары конфиденциалды түрде қызмет көрсететін фирмалар бар болған. Дәл сол Dutch Trust кеңселері арқылы Ариф мырза Bayrock BV, ал Алматының бұрынғы әкімі Kazbay BV деп аталатын венчурлы инвестициялық компаниялардың негізін қалайды. Dutch Trust өз клиенттерінің капиталы қайдан келгені жайлы мәліметті сұрамайды және жарияламайды.

Trump Soho

Инвестициялық бірлестік құрылды. Енді бар капиталды айналдырып, табыс табуға тырысу керек. Бұл жерде біздің олигархтарға көмекке Бруклиндегі орыс мафиясының өкілі Феликс Сатер (Шеферовский) келеді. КСРО-да туған Сатер мырза Трамптың кеңесшісі ретінде он жыл бойы еңбек еткен. Трамптың жабылған қонақ үйлерінің шығынын жабу мақсатында банктерден үлкен көлемде несие ала алмай жүрген сәтте Сатер Bayrock LLC инвестициясын тартады. Аталмыш компания арқылы Машкевич те Трамптың жылжымайтын мүлігіне инвестиция жасайды. Ал Трамп өз кезегінде бұл ақшаның барлығы Қазақстаннан келіп жатқанын білетіндіктен, сол ел басшысын аса жоғары тәртіппен қарсы алып, қонақ етпеуден оның басқа амалы жоқ еді. Себебі Назарбаев Машкевич пен Тевфиктің Қазақстандағы бизнестерінің статусын өзгерте алатын күшке ие. Олай етсе, Трамптың жеке бизнесіне келетін капитал көлемі шорт қысқаруы мүмкін. Тіпті тоқтап қалуы да мүмкін.

Манхэттеннің Сохо аймағындағы Трамптың қонақ үйі қазір Доминик деп аталады. Ол 7 жыл бұрын сәтті жүзеге асырылған бизнесін қазақ олигархтарымен келісе отырып, сатып жібереді.

Zholdas Orisbayev-тың Фейсбуктегі парақшасынан

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
1 ай бұрын 385
1 пікір
  • Мына адам орыстың немесе қытайдың тыңшысы сияқты сойлейді екен.Сол Америка қатал саясаты емес пе ссср дің құлауына себепші болған. Соның арқасында қазақтар егемендікке қол жеткізгенін ұмытпаңдар.
    1 ай бұрын
Блог туралы
0
429362 202 532 4832 231