Рамазанға дейін жасалуы тиіс 7 ізгі іс
Рамазанға дейін жасалуы тиіс 7 ізгі іс

Рамазан – пенденің Жаратушысына жақындай түсетін уақыты. Осы мүмкіндікті әрбір мұсылман жіберіп алмауы керек. Рамазан айына қалай дайындалу керек? Осы айда нендей нәрселерді жасаған жөн?

  1. Ниет ету. 
    Рамазан айында мейлінше жақсы істерді жасауға ниеттенгеніңіз мақұл. Ол Құран оқу, қосымша намаздар, садақа беру, мешітте намаз оқу сияқты міндетті әрі игі істерден басталады.
  2. Тәубе ету. 
    Алладан қателіктеріңіз бен күнәларыңыз үшін кешірім тілеп, Рамазанды таза жүрек пен жан тыныштығымен қарсы алғаныңыз жөн.
  3. Осы айда жасайтын істеріңіздің тізімін жасап қойыңыз.
    Әр күніңізді босқа өткізбеуге тырысыңыз. Ол амалдар өміріңіздің барлық саласын қамтуы тиіс: Аллаға құлшылығыңыз, білім, жұмыс, қоғам, туған туыс, отбасы, денсаулық және т.б.
  4. Алдағы Рамазан келіп жеткенше өткен оразаңыздың қазасы болса өтеңіз.
  5. Оразаға «жаттығу» жасаңыз. 
    Ағзаңызға бірден тамақтан тыйылу қиын болады, сондықтан тамақтың мөлшерін азайтып отырыңыз. Кез келген бір күні ораза ұстап «жаттығу» жасап көріңіз. Қуырылған, майлы және ащы тағамдарды, кофе мен газдалған сусындардан бас тартыңыз. Олар денсаулыққа өте зиянды.
  6. Егер берешектеріңіз болса олардан құтылып, бітпеген жұмыстарыңызды тезірек аяқтауға тырысыңыз. Сонда ойыңыз бөлініп, алаңдамай Рамазанға еш уайымсыз дайындалатын боласыз.
  7. Тағы бір міндетті нәрсе – ескі, керексіз заттардан арылып, үйіңізді мұқият тазалап, жинағаныңыз дұрыс.

       Қасиетті Рамазан айын жақсы өткізуіміз үшін Алла бізге мол қайрат, білім мен иман берсін!

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
5 күн бұрын 230
0 пікір
Блог туралы
0
271819 201 524 3752 229