Қасқыр қойдан қорқатын заман болады (ВИДЕО)
Қасқыр қойдан қорқатын заман болады (ВИДЕО)

Осыдан бірнеше уақыт бұрын Алего Менчака бастаған Уругвайдағы жануарлар өндірісі институтының бір топ ғалымдары жүнді күйіс қайыратын жануарларды генетикалық модификациялады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Олардың денесіндегі ұлпаларға енгізілген белок ультракүлгін сәулелерінің әсерінен жанады. Яғни, белгілі жасыл флуоресцентті белок немесе GFP ультракүлгін сәуленің әсерінен жарық береді. Бұл белокты ғалымдар алғаш рет теңіз медузасынан алған. Соңғы жиырма жылда GFP және оның өндірісі жылжымалы баға жетпес зерттеу құралына айналды. Ал оны алғаш рет ашқан ғалымдар 2008 жылы Нобель сыйлығын алды. Қазан айында туылған қойлар басқа қойлардың арасында жанып жүргенін ғалымдар, олардың денесіндегі ұлпаларға енгізілген белок ультракүлгін сәулелерінің әсерінен жанатынымен түсіндірді. Менчаканың айтуы бойынша, бұл тәжірибені тек тұжырымдаманың дәлелі ретінде ғана жасаған. «Біз дені сау, жарық бөле алатын қойларды жасаймыз. Бұл сырт көзге өте қорқынышты болып көрінеді. Сенбесеңіздер GFP қойларының көзіне қараңыздар. Бұл керемет!», -деді Менчака GFP қойларының ағзасы адам гормондарымен байытылған. Сонымен қатар, сүті эндокриндік жүйе ауруларын емдейтін қасиетке ие. Ең қызығы, жанатын қойға қасқыр жоламайды. Себебі қасқыр және басқада аңдардың жарықтан қорқатыны анық.

qamshy.kz

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
2 жыл бұрын 1436
0 пікір
Блог туралы
0
916375 204 534 4861 231