Мен, мен болсам!!!
Мен, мен болсам!!!

Арып-ашқан жан болса,
Мен бір үзім нан болсам.
Ол мені жеп әлденсе,
Бишараға әл берсем.

Айнала шөл құм болса,
Қарға адым жер мұң болса,
Жолаушының сонда мен,
Құтысында су болсам.

Өшкелі жатса ер дене,
Өмір болып келсем мен.
Қайғыдағы пендеге
Қуаныш боп енсем мен.

Арманымнан жаңылсам,
Ақша болсам, не деймін?!
...Қашан дағы табылсам,
Қалтасынан кедейдің.

Мен, мен болсам, мен болсам,
Бір өзім бір ел болсам.
Қол астымда әскерім,
Ар-ожданым сен болсаң!

Мұқағали Мақатаев

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
2 жыл бұрын 1095
1 пікір