Жұмыс берушi қызметкерiнiң жарамсыздық парағын egov-тен көре алады
Жұмыс берушi қызметкерiнiң жарамсыздық парағын egov-тен көре алады

Жұмыс берушi қызметкерiнiң еңбекке жарамсыздық парағын egov.kz, яғни «электрондық үкiмет» порталынан көре алады. Сондай-ақ, биыл дәрiгер қабылдауына осы е-үкiмет арқылы жазылуға болады. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Бiртанов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. 

Бұған дейiн министр биыл «электрондық үкімет» порталы арқылы еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары мен туберкулезге қарсы, психоневрологиялық, наркологиялық ұйымдарда есепте тұрғаны туралы анықтамаларды беру жүйесi ретке келтірілетiнiн айтқан едi.

«Еңбекке жарамсыздық парақтарын беру - бұл мемлекеттiк қызмет. Биыл азаматтардың egov.kz арқылы толтырып, ЖСН немесе электрондық қолтаңба арқылы кiрiп, медициналық ұйымға өтiнiм бере алатындай етiп жасаймыз. Сол сәтте жүйеде пациенттiң стационарда емделгенiн немесе дәрiгердiң қойған диагнозын растайтын мәлiметтер болады. Сондықтан, пациентке барып, ештеңенi растаудың қажетi жоқ. Сәйкес электрондық құжат болады. Жұмыс берушi қағаз құжатты сұрамай, «е-үкiмет» сайтына кiрiп, құжаттың электрондық нұсқасын көре алады», - дедi Бiртанов тiлшiлерге берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетсек, еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарының e-gov арқылы берiлетінін хабарлаған болатынбыз. 

 
Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
4 ай бұрын 395
0 пікір
Блог туралы
0
502296 203 532 4833 231