Ғалымдар ұйқысыздықты жеңуге көмектесетін тағамдарды атады
Ғалымдар ұйқысыздықты жеңуге көмектесетін тағамдарды атады

Австралиялық диетолог Рик Хэй тыныш ұйқыға қажетті тағамдарды анықтады. Ол зерттеу жұмысының нәтижесін Healthista порталына жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Дәрігердің зерттеу қорытындысына сәйкес, жақсы ұйқыға ең қажетті көк шай мен ақ шай болып шықты. Ғалым екінші орынға түймедақ шайын қойды. Ол ұйқы кезіндегі мазасыздықтан құтылуға көмектеседі.

Диетолог үшінші орынды даршынға берді. Өйткені, адам қанындағы қант құрамының жиі өзгеріп тұру салдарынан әр сағат сайын ұйқысынан оянады. Даршын бұл көрсеткішті реттеп отырады. Ал, қант диабетімен ауыратындар үшін оның көрсеткішін төмендетуге де көмектеседі.

Сондай-ақ, Рик Хэй зілмір, қызылмия, маракуйя, лимон, лайм, баобабтың тұқымын пайдалануға кеңес берді. Олардың құрамында түрлі дәрумен кешені бар. Бұл тағамдар жүйке жүйесінің жұмысын тыныштандырып, жақсы ұйықтауға әсер етеді.

 
 
 
Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
5 ай бұрын 660
0 пікір
Блог туралы
0
502296 203 532 4833 231