Египетке саяхаттаушылар үшін тиімді мүмкіндік жасалды
Египетке саяхаттаушылар үшін тиімді мүмкіндік жасалды

Бұл туралы Алматыдағы «Атакент-ЭКСПО» көрме орта­лығын­да Египеттің Қызыл теңіз (Хургада) провинция­сының губернаторы – Ахмед Аб­дулла мен Оңтүстік Синай губернаторы (Шарм-әл-Шейх) – Халид Фоданың қатысуымен өткен  баспасөз мәслихатында кеңінен айтылды. Соңғы жылдары елімізден Еги­петке саяхаттаушылардың саны еселеп артқан. Әлем тарихынан ойып тұрып орын алатын ежелгі Мы­сырдағы мәдени орындар мен көне жәдігерлер жаһандық мәдениеттің жауһары саналатыны белгілі. Осы ретте  Қызыл теңізге барып, маржан жа­ғалауды көруге ниеттен­ген ел азаматтары үшін туристік ұсы­ныс­тар ауқымы артып отыр.­­ Бұл тұрғыда екі мемлекет­ ара­сындағы туристік бай­­ла­ныс­ты жандандыру­ мақса­тын­­да қол­ға алынған бір­қатар келі­сім­дер бар. Елімізге арнайы келген қос аймақтың бас­шы­лары ын­тымақтастық және ин­вес­ти­циялық серіктестікті нығайту ба­рысында Қызыл теңіз провинциясы мен  Оңтүстік Қазақстан облысы, сондай-ақ Алматы мен Астана қалалары арасында ту­ристік қарым-қаты­нас орнату туралы бірқатар ме­мо­рандумға қол қоюдың ма­ңыз­дылығына тоқталды. – Биыл біздің компаниямыз­дың көлемі  былтырғы жылмен салыстырғанда 3 есе өсті және қазір біз Қазақстанның 4 қала­сынан Мысырға ұшамыз. Өт­кен жылдың көрсеткішімен алып қарар болсақ, бір рейстің чар­терлік нарығы Қазақстаннан жал­пы алғанда 12 рейске дейін өсті. Бүгінгі күнге дейін Египет – бұл қонақүйлердің «барлығы қосылған» бағыты бойынша жұ­мыс істейтін ұқсас ұсыныстары бар елдермен салыстырғанда ба­ғасы 2-3 есе төмен мемлекет.­ Тұтынушылар үшін бұл ба­рын­ша тиімді ұсыныс. 2018 жыл­дың сәуір айынан бастап Алматыдан Хургадаға және мамырынан бастап Астанаға ұшу бағыты іске қосылатын болады, – дейді KAZUNION қазақстандық туроператордың негізін қалаушы Лаура Ғалиева. Жауапты мамандардың айтуынша, жаңа рейстердің тиім­ді тұстары көп. Мәселен, Қа­зақстаннан барған отбасыларға ар­налған қонақүйлердің 90%-дан астамы балаларға тегін тұруды қамтамасыз етеді. Оған қоса, Шарм-әл-Шейх және Хургада әуежайлары туристік рейс­терді ұстауға арнайы төмен тариф­терді енгізгендіктен,  тасымалдау құны бұрынғыдан едәуір төмендеген. Хургададағы ұшу бағдарламасы құмды жағажайларға және бар­лығын қоса алғанда, кішкентай  туристерге арналған ұсыныстарды кеңейткен.   Туристер Шарм-әл-Шейх курортына ұшып кетсе, визасыз кіру мүмкіндігі де қарастырылған көрінеді. Ай­та­лық, Қызыл теңізге 10 күнге сапарлар болсаңыз, әуе тасымалы, бес жұлдызды қонақүй, барлық уақыттардағы тамақтану, осының бәріне қалтаңыздан жан басына шаққанда 250 мың теңге жұмсалса керек. 2017 жылдың жаз айларында аталған аймаққа саяхаттаушы ересек туристердің саны 73 па­йызды,  2 жастан 12 жасқа дейінгі жеткіншектер – 24 пайыз, ал  2 жасқа дейінгі балалар 4 пайызды құраған.

Арман ОКТЯБРЬ, «Егемен Қазақстан»

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
7 ай бұрын 563
0 пікір
Блог туралы
0
654702 205 532 4842 231