Бүгін еліміздің әр өңірінде көрісу күні аталып өтеді
Бүгін еліміздің әр өңірінде көрісу күні аталып өтеді

Көрісу (Амал мерекесі деп те аталады) – Қазақстанның батыс өңірі мен Ресейдің шекаралас аймақтарындағы қазақтардың арасында сақталған ежелгі дәстүр.

Жаңа жылды Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша қарсы алатын аймақ тұрғындары 14 наурызды «Көрісу (қауышу) күні» деп те атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғүмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.

Көрісу – тек адамдардың бір-бірімен амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені, Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14 наурыз күні болмаған немесе сырт жақта жүрген кез келген адам ауылға жолы түскен бойда қариялардың қолын алып, сәлем беруі тиіс.

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
3 жыл бұрын 3065
6 пікір
  • Дәстүрдің де озығы бар... Неткен керемет үрдіс! Көптен көріспеген ағайын-тауыс, бауырларыңмен қауышып жатсаң, үлкендердің қолын алсаң, батасына бөленсең нұр үстіне нұр емес пе?
    3 жыл бұрын
  • Бүкіл Қазақ жерінде тойланса керемет болар еді. Бүгін жұмыста батыстық апайымызбен көрістік. Маған ұнады. Ләйлә апама қосыламын.
    3 жыл бұрын
  • Айналайын, көп жасағыр B. Keneskyzy! Сен көрмесем де, сыртыңнан сүйсініп отырам. Мына Амал күндері, дәстүрлі Наурыз мерекесінің алдында осы сайт арқылы саған және маған үнемі "апа" деп сый-құрмет көрсетіп жүретін бауырларым мен сіңлілеріме Алла разы болсын дегім келеді. Менің жазған аз-кем пікірлерімді таразылап, оң-солын ажыратып, өздеріңнің ойларыңды қосып отырасыңдар! Сол үшін сендерге көптен көп рақмет! Қазақтар дана ғой. Тағы қайталайтын болдым... "Бөріктінің намысы бір" дейді. B. Keneskyzy , аты-жөніңді білмесем де, кім екеніңді танымасам да, сен үшін дұға етем, жарығым! Көп жаса, Алла екі дүниенің нығметіне бөлесін. Баяғыда әкем марқұм жақсы көрген адамдарын "шырақшым" дейтін. "Әке, "шырақшы" деген не?",- деп сұрағанымызда, отбасының, үйдің түтінін түтетін, отын жағып, шаңырағын биік ететін адам дейтін. Сендер де біздердің шырақшыларымызсыңдар, айналайын. Маған қолдау көрсетіп, ойыма ой қосып отыратының үшін рақмет.

    3 жыл бұрын
    • Ләйлә апа, ыстық ықыласыңызға рахмет. Шын, қуанып қалдым.
      Менің атым Бағила Кеңесқызы.
      Сізді және отбасыңызды Алла екі дүниеде де бахытты етсін.
      3 жыл бұрын
  • 14-Наурызда көріскілерің келсе Маңғыстауға келіңдер таңның атысы күннің батысы бізде көріс,көшеде топ топ балалар,мәре-сәре біз үшін қызық .
    3 жыл бұрын
Блог туралы
0
866124 204 534 4861 231